Головкин - «Канело» рематчы: Әлем чемпионы рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (30-0, 25 КО) 15 қыркүйекте бокса Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес бокс кешінің андеркардында рингке шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - «Канело» рематчы: Әлем чемпионы рингке шығады

Боксшының есімі белгілі BoxRec.com сайтында кештің қатысушылары тізіміне енгізілді. 21 жастағы боксшының кіммен айқасатыны әзірге белгісіз. Мангуиядан басқа, кеш аясында Давид Лемье мен Гэри О'Салливан, сондай-ақ бұрынғы «P4P королі» Роман Гонсалес пен әлемнің абсолютті чемпионы Сесилия Брекхус рингке шығады. Головкин мен Альварестің жекпе-жегі  Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.