Головкин - «Канело» рематчы кинотеатрларда көрсетілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастағы Mandalay Bay Resort қонақүй, ойын-сауық кешені Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жекті қаладағы кинотеатрларда көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Біз 15 қыркүйекте «Канело» - GGG 2 бокс кешін көрсетеміз. Билеттер 15 тамызда сатылымға шығады», - деп жазылған Mandalay Bay Resort-тың туиттердегі аккаунтында.
Әзірге жылдың ең атышулы жекпе-жегі Лас-Вегастағы үш локация белгілі: Marquee Ballroom, Criss Angel Theatre и Mirage Events Center - олардың барлығы қонақүйлер мен казиноларда орналасқан.