Головкин - «Канело» рематчы PPV-көрсетілімінің құны ресми жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегінің HBO телеарнасындағы ақылы көрсетілімінің құны қанша екенін ресми жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Америкалық жанкүйер осы жекпе-жекті тамашалау үшін 84,95 доллар (32 575) теңге төлейді.
Айта кетейік, Лас-Вегастың T-Mobile Arena аренасында өтетін бокс кешінің PPV картасына басты айқастан тыс, Давид Лемье - Гэри О'Салливан, Хайме Мунгия - Брэндон Кук және Роман Гонсалес - Мойзес Фуэнтес жекпе-жектері де кіргізілген.