10:56, 19 Тамыз 2018 | GMT +6
Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы екінші жекпе-жегі жаңа жобаның беташары болатынын айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Танымал BT Sport телеарнасы ақылы PPV-көрсетілімдерге арналған Box Office жобасын іске қоспақ. Британия телевидениесінің тарихи жобасы Головкин - Альварес рематчымен басталады.
«Box Office жобасының беташары үшін неткен үлкен жекпе-жек!», -деп жазды Уоррен Twitter парақшасында. Айта кетейік, ол орта салмақтағы WBO титулының иегері Билли Джо Сондерстің промоутері.
GGG - «Канело» рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.