Головкин - «Канело» жекпе-жегі Dodger Stadium-да болуы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикандық Саул Альвареспен жекпе-жегі бейсбол командасының «Лос-Анджелес Доджерс» - Dodger Stadium аренасында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.kz El Diario NY-ге сілтеме жасап.

Головкин - «Канело» жекпе-жегі Dodger Stadium-да болуы ықтимал

«Мен „Канело"-мен Dodger Stadium-да кездескенді қалар едім. Бұл осындай айқасты өткізуге лайық тамаша орын»,-деген Головкиннің сөзін келтіреді басылым.

«Доджерс» стадионына 56 мың адам сияды.

Еске сала кетсек, дүйсенбіде Головкин Dodger Stadium-ға барып, «Лос-Анджелес Доджерс» пен «Сан-Франциско Джайентс» матчының алғашқы доп лақтыруына қатысқан болатын.