Головкин «Канеломен» айқастан бұрын қандай қателікке бой алдырды
«Golden Boy келіссөздер барысында айқасты тағы да Лас-Вегаста өткізу үшін бар күшін салады. Белгілі себептер, бұл Головкиннің жұдырықтасқысы келген жер емес - себебі «Канелоның» тағы да бірауызды шешіммен немесе кезекті тең нәтижемен жеңіске қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Бұл - алғашқы жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізуге келісім берген Головкин мен Леффлердің қателігі. Бұған дейін «Канело» ол жерде жеті рет жұдырықтасып, қалаға көп қаржы әкелді. «Канело» Лас-Вегаста үлкен бизнеспен айналысып жатыр. Салыстырмалы түрде Головкин ол жерде ешқашан жекпе-жекке шығып көрмеген. Боксшылардың бұл қаладағы танымалдылығы тұрғысынан айырмашылығы жер мен көктей», - деп жазды автор.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин - Альварес қарымта айқасы Лас-Вегаста өтуі мүмкін деп хабарланған болатын.