Головкин «Канеломен» айқасы алдында жаңа видео жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Youtube-тағы өзінің арнасында мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) айқасына арналған жаңа бейнеролигін көрсетті.
«Бұл бокстағы ең үлкен айқас. «Канело» екеуіміз боксқа өзінің позициясын қайтаратынымызға сенемін. Барлығы менің стилімді және «Канелоның» стилін біледі. Жекпе-жек үшін бұл ең тиімді уақыт. Мен өзімді тамаша сезінемін: жасым 35-те болса-дағы өзімді 25-ке сезінемін. «Канело» - 26-да, сондықтан біз жақынбыз. Біздің айқас - бұл ойын емес, бұл нағыз жекпе-жек! Ол да, мен де мұны ұзақ уақыт қаладық. Жанкүйерлер бұл кездесуден табысты болатынына сенімдімін», - дейді Головкин видеода.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын. Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйекте таңертең болады.