Головкин «Канеломен» бірінші кездесуінде нақты есеп қандай болғанын мәлім етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альвареспен болған бірінші кездесуінен кейінгі алған әсерін еске алып, оқырманмен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сөз жоқ, мен жеңіске жеткеніме сендім, сондықтан да кездесу аяқталғанда қолымды көтердім. Өзім жеңіске жету үшін оған қарағанда көбірек тер төккенімді сездім. Оған ары кетсе үш немесе төрт раунда жеңіс беруі тиіс болатын. Ал енді елу де елу дегені несі, алты раундта алты раунд (жеңген раундар саны - ред) деген есеп көңілге қонбайды. Ол өзінің жеңілгенін жақсы біледі», - деді Головкин.
Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі даулы жағдайда тең аяқталған болатын. Қарымта кездесу алдағы 15 қыркүйек күні өтеді.