Головкин «Канеломен» екінші айқастан қанша табыс табады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі  Аллан Фокс Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші айқасының нәтижесінде қанша табыс табатындыға болжам жасады, деп жазады Sports.kz.

Головкин «Канеломен»  екінші айқастан қанша табыс табады

«Канеломен» жекпе-жек үшін Головкин егер 50/50-ге келісе алса, кемінде 20 миллион доллардан 35 миллионға дейін табыс табуы мүмкін. Сондықтан ол осыны жүзеге асыруға әрекет етуде», - деп жазады автор.

Еске сала кетсек, »Канелоның» командасы  рематчтан түсетін табысты процентпен бөлгенде өз пайдаларына 65/35 етуге көндіруге тырысып жатыр.