Головкин «Канеломен» өтуі мүмкін реванштың шарттарын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Канело» Альвареспен күзде өтуі ықтимал қарымда айқасқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин «Канеломен» өтуі мүмкін реванштың шарттарын атап өтті

«Мен жылына үш-төрт рет жұдырықтасуға әзірмін. Егер Сауль күзге дейін дайын болса, бұл жекпе-жекті көрермендердің назарына ұсынамыз. Ал әзірге мен нақты болатын жекпе-жекке (Мартиросянмен) дайындалудамын», деп жазады Головкиннің сөзіне сілтеме жасаған Boxingscene.com.

Головкин кезекті жекпе-жегін 5 мамырда Карсондағы (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өткізеді. Қарсыласы американдық боксшы Ванес Мартиросян.