Головкин «Канеломен» реваншта гонорардың тең бөлінгенін қалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес тарапынан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қойылған шарттар белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин «Канеломен» реваншта гонорардың тең бөлінгенін қалайды

Леффлердің сөзіне қарағанда, бірінші айқаста Альварестің табысы $50 миллионнан асқан. Ал, Головкин өзінің чемпиондық атақтарына қарамастан, $20 миллион алған. Бұл сандар гонорарды 70-те 30-ға бөлгенге негізделген.

Рематчта гонорар тағы да «Канелоның» пайдасына 65-те 35 процент көлемінде бөлінген. IBF GGG-ге титулдан айыру туралы хабар бергеннен кейін, боксшы промоутерге келісім шарттарын жақсарту туралы өтініш білдірген.

«Геннадий мынаны айтты: «Мен табысты әділ түрде тең бөліскім келеді. Мен чемпионмын және 50-де 50 шартымен бөліскім келеді». Біз бірінші жекпе-жекте көп нәрсеге көндік. Онда Геннадийдің проценті тым аз болды. Головкин өзінің бағалылығын дәлелдегеннен кейін рематчта да көп шартқа көндік.

Бірақ «Канело» қандай да бір себептермен дегеніне көндірді. Екінші жекпе-жекте 65-те 35 болды, енді Геннадий чемпион үшін 35% әділетсіздік деп есептейді», - деп түсіндірді PE.com-ға Леффлер.