Головкин «Канеломен» үшінші айқастың қаупі туралы айтты
GGG болжам жасаудан бас тартты, дегенмен, оқиғаның маңыздылығын атап өтті.
«Бізді қандай да бір үлкен өзгеріс күтіп тұр деп ойламаймын, себебі ол «Канело» болып, мен GGG болып қаламын. Біз сол баяғы адамдармыз. Келесі жекпе-жек біз үшін өте қызық, ол өздігінше тарихи оқиға – бокстағы ірі айқас, үшінші жекпе-жек. Бәрі күтіп отыр деп ойлаймын. Екеуміздің де өз әдіс-тәсіліміз бар, айқас қалай аяқталатынын болжау қиын. Бұл жекпе-жектің қаупі – қазір басқа жағдай, басқа эмоция және басқа жастамыз. Жанкүйерлер үшін үлкен сый болады деп үміттенемін. Қазір өз бабымдамын. Жаттықтырушым Джонатон Бэнкс маған көмектесті. Мен болжам жасай алмаймын. Бұл бокс. Екеуміз де 100% дайынбыз. Бұл біз үшін үлкен айқас. Бірақ, бұл айқас мен үшін қарапайым жекпе-жек, себебі мен оны жақсы білемін, ол да мені жақсы таниды. Мұндай деңгейдегі әр айқас аса маңызды. Мен де ол сияқты өз жұмысыма 100% барымды салып жатырмын», - деді Головкин FOX Deportes-ке берген сұхбатында.
Фото: www.sports.kz