Головкин «Канеломен» үшінші кездесу өткізсе, қанша ақша табатыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші рет кездескен жағдайда қанша ақша табуы мүмкін екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
Енді екі боксшы да DAZN ТВ-платформасының клиенттері. «Канело» 5 жылға 11 жекпе-жек өткізетіндігі жөнінде өткен жылдың қазанында келісімшарт жасады. Ал, Головкин бүгін 3 жылға 6 кездесу өткізу жөнінде келісім жасады.
Boxingscene.com сайтының хабарлауынша, Головкин мен «Канело» 14 қыркүйекте қайта кездеседі. Ал қазақстандықтың гонорары 30 миллионнан астам долларды құрайды.