Головкин «Канелоның» агрессивті әрекетіне қалай жауап қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес айқас алдындағы көз арбасу кезінде Сауль «Канело» Альварестің агрессивті әрекеті GGG-дің психологиялық жағдайына мүлдем ықпал етпегенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин «Канелоның» агрессивті әрекетіне қалай жауап қайтарды

«Канело» салмақ өлшегеннен кейін Головкинге келіп, маңдайын жақындатқан және оны итермек болған. Боксшыларды Санчес ажыратқан, кейін қарсыластар командаларының арасында жанжал туындаған.

«Геннадий жай ғана күліп жіберді. Рингтен тыс жерде ол - Геннадий Головкин, ал арқанның ішіне кіргеннен кейін бизнес басталады, онда ол - GGG. Қазір бұл маңызды емес. Ол қасында тұрғанымды және артық ештеңеге жол бермейтінімді білді. Менің ұстанымымды түсінді - қазір төбелесетін кез емес, ол уақыт ертең келеді», - деп жауап берді Санчес Fight Hub-қа берген сұхбатында.

Фото: vk.com/ggolovkin