Головкин «Канелоның» аттары мен теміртұлпарлары жайлы пікір білдірді

Мексикалық боксшының жуырда құны шамамен 1,3 миллион долларлық Mercedes-Benz Brabus G63 AMG 6×6 теміртұлпарын алғаны белгілі.
«Ол мүлдем басқаша жігіт. Машиналар, аттар... мен де аттарды ұнатамын. Бірақ маған бір машина да жетеді, екі-үш көлік қажет емес. Мен екі немесе үш машинаны ауыстырып міне алмаймын. Егер саған спорткар керек болса, спорткар ал. Мен үшін бастысы - бокс. Мен спортты, өз кәсіби мансабымды, боксты сүйетін адамдарды құрметтеймін. Мен үшін бұл тек қана бизнес емес. Егер «Канело» үшін жай ғана бизнес болса, мен үшін олай емес. Мен кәсіби спортшымын, боксшымын, ірі бизнесмен емеспін», - деді Головкин Azteca Deportes-ке берген сұхбатында,
Еске сала кетейік, Головкин - Сауль «Канело» Альварес айқасы Лас-Вегаста 16 қыркүйек күні өтеді.