Головкин «Канелоның» командасы одан неге қашқанын айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарының иегері  Геннадий Головкин Сауль Альвареспен айқасты ұйымдастырудың ұзаққа созылуының себебі, GGG-дың 2015 жылы Давид Лемьеге қарсы жойқынды жекпе-жегіне байланысты деп ойлайды, деп хабарлады  Sports.kz.

Головкин «Канелоның» командасы одан неге қашқанын айтып берді

«Мен «Канелоны» бұрыннан білемін. Төрт жыл бұрын онымен залда спарринг өткізгенім де есімде. Сол кезде оған келесі жылы кездесуіміз мүмкін екенін айтқанмын», - деп еске алды  Геннадий  HBO-мен әңгіме барысында.

Алайда  GGG мен «Канелоның» айқасын ұйымдастыруға барынша көп уақыт қажет болды.   Геннадий   Альварестің жекпе-жек өткізу уақытын созғанына оның промоутері Оскар Де Ла Хойя өзінің  Давид Лемьемен жойқын жекпе-жегін көріп, жүрексініп  қалуы себеп болғанына сенімді.  Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес сол жолы Головкин үздік өнер көрсетті деп санайды. 

 «Менің Лемьемен жекпе-жегімнен кейін Оскар жүрексініп қалды. Қазір бұл айқасты тағатсыздана күтіп жүрмін. «Канело» мықты боксшы. Біздің айқасымыз бокстың пайдасына шешілуде. Бұл бүгінгі күні бокс әлеміндегі маңызды жекпе-жек деп ойлаймын», - деді Головкин.