Головкин «Канелоның» орнына басқа мексикалықпен айқасуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде «Канеломен» емес, басқа бір мексикалық боксшымен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болып отырған Хайме Мунгия қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге талпынып жүр. 21 жастағы боксшы тіпті GGG-дің санаты саналатын орта салмаққа өтуге әзір екенін айтқан.
«Мунгия міндетті түрде орта салмаққа өтеді. DAZN боксшыларды өзінде ұстағысы келетіні жасырын емес. Бұған дейін Хайменің Хоганнан басқа таңдауы жоқ еді, ал енді Головкинмен жекпе-жек өткізіп, қомақты ақшаға қол жеткізбекші», - деп жазады Forbes журналисі Питер Кан.