Головкин Қазақстан футболшыларын қолдау үшін Астанаға ұшып шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.

Еске салайық, кеше 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында «Астана-Аренада» Қазақстан Финляндиямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

5 турдан кейін Н тобының турнирлік кестесі келесідей қалыптасып отыр: Финляндия — 12 ұпай, Дания — 10 ұпай, Словения — 10 ұпай, Қазақстан — 9 ұпай, Солтүстік Ирландия — 3 ұпай, Сан-Марино — 0 ұпай.


Соңғы жаңалықтар