Головкин қазақстандық жанкүйерлерге мыңнан астам қолтаңба таратты - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин Назарбаев Университетiнде жанкүйерлермен болған кездесуде мыңнан астам қолтаңба таратты.
None
None

Жанкүйерлер көптен күткен жүздесу университеттiң атриум залында өттi және 3 сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Геннадий өзiне тiлеулес халықтың жаудырған сұрақтарына жауап бердi және олармен бiрге автограф-сессия ұйымдастырды.

"Мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқып жүргенiмде Головкиннiң Нью-Иоркте өткен жекпе-жектердiң бiрiне барып, тамашалаған болатынмын. Ендi, мiне, сонау Петропавл қаласынан жанұямызбен бiрге чемпионды көруге арнайы келдiк. Оның қолтаңбасын алып, суретке түсiп те алдық. Гена - чемпион ғана емес, балаларға үлгі болатын азамат. Кезек өте көп, бiрақ бiз шыдадық, балаларым оның қолтаңбасын алып мәз болды. Головкин шынымен халқының сүйiнiшi. Қазақстанның әр өңiрiнен қаншама халық келдi. Мен былай санап отырсам, олардың қолында бiрнеше карточка мен плакаттар бар. Сондықтан оның берген қолтаңбалары 1 мыңнан асып кетедi. Бiрақ Генаға ол сөз болып па, оның қолы нағыз чемпионның қолы емес па?!", - дейдi Жарас Алшынов "ҚазАқпарат" тiлшiсiне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар