Головкин қазіргі деңгейге қалай жеткенін бір сәтке де ұмытпайды - Шейн Мозли

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болған америкалық Шейн Мозли төрт бірдей белбеудің иегері Геннадий Головкиннің жеңісті жолы жайында сұxбат беріп, GGG-дің табысты өнер көрсетуінің сырын ашып көрді. 
None
None

Мозли талай рет онымен спаррингке шыққан, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сөз жоқ, ол өте еңбекқор. Сосын алған бетінен қайтпайды. Мен оның барын салып, ылғи жұмыс істеп жүргенін көрдім. Барлық элементтерді тап-тұйнақтай орындайды. Қазір ол құзар шыңның биігіне шығып отыр. Мен болсам, оның үнемі жүгіргенін, қапты ұрғанын, бапкері Абель Санчестің берген тапсырмаларын бұлжытпай орындап жатқанын көріп жүремін. Ол ылғи жұмыс істеп жүреді, еш тоқтамайды. Сосын, бәрінен бөлектеніп, Биг-Беар жеке бір үйінде жатпайды. Залда барлық боксшылармен бірге тұрады. Міне, дәл осы бір нәрсе көптеген мықты боксшылардың жеңісті жолына түрткі болды. Себебі олар өз деңгейіне қалай және қайдан жеткенін бір сәтке де ұмытпайды. Головкин де соны естен шығармайды. Ол Голливудтың бір жұлдызы, я болмаса, бәріне қол жеткізген адам сияқты жаттықпайды. Көппен бірге жүреді. Меніңше, дәл осындай мінездің арқасында ол қазіргі деңгейге жетіп отыр", - деді танымал боксшы Шейн Мозли FightSpace сайтына берген сұxбатында.

Айта кетейік, 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэнни Джейкобспен жұдырықтасады. Аталған жекпе-жек Қазақстанда тікелей эфирден 19 наурыз күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар