Головкин қазіргі заманның ең қауіпті боксшысы атанды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Сарапшылардың пікіріне қарағанда, қазақстандық боксшы қорқыныш ұялататын боксшы болып табылады, деп жазады vesti.kz.

Головкин қазіргі заманның ең қауіпті боксшысы атанды

Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин қазіргі заманның ең қауіпті боксшысы атанды. WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Bleacher Report порталы құрастырған рейтингінде көш бастады.

"Орта салмақты Геннадий Головкин қорқыныш ұялататын боксшы болып табылады. Ол өзінің қарсыластарын аяуы мүмкін еді, бірақ ол олай жасамайды. GGG әр қарсыласын жеңуді ғана ойлайды. Бұл тізімдегілердің барлығы қорқынышты, бірақ Головкин - ең қорқыныштысы", - деп айтылған Bleacher Report хабарламасында.

Қалған ең қауіпті боксшылар рейтингісі мынадай:
2. Виталий Кличко (Украина);
3. Сергей Ковалев (Ресей);
4. Лукас Матисс (Аргентина);
5. Адонис Стивенсон (Канада).

Еске сала кетейік, Головкин бұрын да әлемнің ең көрнекті боксшылары рейтингіне енген, бірақ ол кезде ол филиппиндік Мэнни Пакьяоға жол берген болатын.