Головкин келешекте кімдермен жұдырықтасуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) болашағы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жекке шыға алмаса, Роб Брантпен, Дэниел Джейкобспен немесе WBO чемпионы Деметриус Андрадемен айқасуы мүмкін», - деп жазады автор.
Еске сала кетейік, Роб Брант (24-1, 16 КО) таяуда WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Ал Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) бос тұрған IBF белбеуін иеленді. Деметриус Андраде (26-0, 16 КО) - бос тұрған WBO титулының иегері.
Жалпы, Геннадий Головкин рингке көктемде оралады деп күтілуде. Оның ең алғашқы қарсыласы жапондық Риота Мурата (14-2, 11 КО) болуға тиіс еді. Алайда ол Бранттан жеңіліп қалғандықтан бұл жекпе-жек болмайтын болды.