Головкин кейбір боксшылардан қашып жүр - шетелдік басылым

«Джермалл Чарло 160 фунтқа (72,57 кг) ауысты. Оның ағасы, Андраде мен Лара да осы салмаққа ауысуға дайын. Олардың әрбіреуі өз мүмкіндігін қалт жібермеуге тырысады. Төртеуі де жылдың аяғына дейін Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге әзір. Бұлардың барлығы - дарынды боксшылар, жеңісті қолдан бере салмайды. Алайда Головкин де, Альварес те оларға мән беріп жатқан жоқ. Иә, жас боксшыларға қарсы шыққан қауіпті. Сосын гонорар да аздау болады. Мәселен, «Канело» 154 (69,85) фунтта бокстасып жүргенде Андраде мен ағайынды Чарлолар жайында бірде-бір сөз айтпады. Головкин мен Альварес кәсіби бокстың алауын өздері ұстағысы келеді», - деп жазды Fighthype.com.
Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя GGG-ге қарсы алдағы жекпе-жекті бір рет емес, екі рет реваншпен қайта өткізуге болатынын айтып отыр. Сөйтіп, Головкин - Альварес жекпе-жегін трилогияға дейін жалғастыруға болады.