Головкин кезекті айқасын Астанада емес, Лондонда өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер британдық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) болуы ықтимал жекпе-жек Астанадан өзге қай қалаларда болуы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлады Sports.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

- Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізе алмасақ, Лондонды таңдауымыз мүмкін. Естеріңізде болса, О2 аренасында өткен Головкин мен Келл Брук айқасының барлық билетін 11 минутта сатып жібергенбіз», - деп атап өтті Леффлер.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздері Головкин - Сондерс кездесуі маусым айында Астанада, EXPO халықаралық көрмесі аясында өтуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram