Головкин «Кливленд» баскетболшыларын жеңістерімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлттық баскетбол қауымдастығының чемпионатында «Оклахома-Сити Тандер» командасынан 104:100 есебімен басым түскен «Кливленд Кавальерс» баскетболшыларын құттықтады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Жеңістеріңмен құтттықтаймын!»- деп жазды Головкин өзінің твиттердегі парақшасында. Сондай-ақ ол «Кавальерс»-тің үздік спортшылары Леброн Джеймс пен Кевин Лаваны атап өткен.