Головкин KO Digest нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - KO Digest басылымы Facebook-тегі ресми парақшасында қазіргі үздік pound-for-pound боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин KO Digest нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастады

Басылым журналистері бірінші орынға қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қойды. Екінші орында - Роман Гонсалес, үшіншіде - Теренс Кроуфорд. Сондай-ақ топ-10 Сергей Ковалёв, Сауль Альварес, Андре Уорд, Гильермо Ригондо, Василий Ломаченко, Лео Санта Крус және Наоя Иноуэ енді.

Алдағы жекпе-жектегі Головкиннің қарсыласы британиялық Келл Брук 12-ші орынға жайғасты. Аталған кездесу 10 қыркүйекте Лондонда «О2-Арене» стадионында өтеді.