Головкин командасындағы қазақстандық боксшы мексикалық «Тайсонға» қарсы жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың (18-1, 14 КО) келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы рингке 30 шілдеде оралады. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, оның қарсыласы «Тайсон» лақап атымен белгілі мексикалық Рикардо Адриан Луна (23-8-2, 15 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундтан тұрады.

Луна қазақстандық жанкүйерлерге 2020 жылы Нұрзат Сабировпен (11-0, 9 КО) жекпе-жегі арқылы танылған. Онда Рикардо төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңілген болатын.

Әли Ахмедов - Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы. Ол сол жерде Джонатон Бэнкстің жетекшілігімен жаттығып жүр.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram