Головкин-Котто жекпе-жегі өтуге міндетті кездесулердің қатарына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport.com сайты міндетті түрде өтуі тиіс жекпе-жектер тізімін жасады. Солардың қатарына Геннадий Головкин мен Мигель Коттоның кездесуі енді.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Өткен жылы маусым айында Мигель Котто Серхио Мартинесті техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта әлем чемпионы және осы орта салмақтағы төрт категория бойынша алғашқы пуэрторикалық чемпион атанды.
Алайда ол өз мықтылығын дәлелдеу үшін WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, 18 қарсыласын нокаутқа жіберген Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс.
«Головкин мықты боксшы және ол Коттомен кездесуі тиіс. Егер Мигель қарсылас ретінде өзге спортшыны таңдаса, онда оның атағы өз құнын жояды.
Геннадий Головкин қазіргі таңда WBA нұсқасы бойынша орта салмақта көш бастап тұр. Егер Котто GGG-мен жекпе-жекке шыққысы келмесе, ол өз карьерасынан бас тартуы керек», - деп жазады басылым.