Головкин Las Vegas Review Journal P4P- рейтингінде көш бастады
Онда WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастады.
«GGG ешкіммен айқаспайды» деген сөздерді тоқтатуға бола ма? Ол өткен жекпе-жекте орта салмақтағы үздік әлем чемпионы Дэниэл Джейкобсты жеңді. Сауль Альвареспен тең түсті, алайда көпшіліктің пікірі бойынша жеңіс Головкиннің қоржынында. Үш белбеудің иегері өзінің мықты панчер екенін дәлелдеп қана қойған жоқ. Головкин джебпен жұмыс істеп, Джейкобс және Альвареспен айқасқанда жекпе-жектің жылдамдығын бақылады. Көптеген боксшылар қазақстандық секілді рингте өзін ұстай алмайды», - делінген журналдың сайтында.
Las Vegas Review Journal P4P-рейтингінің үздік ондығы мынадай:
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО)
5. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
6. Эррол Спенс (22-0, 19 КО)
7. Кит Турман (28-0, 22 КО)
8. Гильермо Ригондо (17-0, 11 КО)
9. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО)
10. Энтони Джошуа (19-0, 19 КО).