14:54, 27 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Головкин - Лемье: дайындық пен жұдырықтасу стильдері
АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында Головкин - Лемье жекпе-жегіне дайындық бейнеролигі жарияланды, деп жазады Sports.kz.
Еске сала кетейік, 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden рингінде дивизион көшбасшысы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен IBF чемпионы Давид Лемьё (34-2, 31 КО) орта салмақта (72,6 келіге дейін) жекпе-жек өткізеді.