Головкин - Лемье және Котто - Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары бір-бірімен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлердің айтуынша, Геннадий Головкин - Давид Лемье және Мигель Котто - Сауль Альварес жекпе-жектерінің жеңімпаздары өзара кім мықтыны анықтайды.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
«Котто - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Головкин - Лемье арасындағы матчта жеңіске жеткен боксшыға қарсы шығады. Бұл туралы WBC қаулысы шықты». - деп атап өтті ол.
WBC президенті Маурисио Сулейман бұл ақпаратты растады.