Головкин-Лемье жекпе-жегі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) және IBO нұсқасы бойынша чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен IBF чемпионы Давид Лемье жекпе-жегі басталды.
None
None

Орта салмақтың ең қауіпті панчерлері - Головкин мен Лемье бірінші раундта күштерін бірден сарп етпей, бірін-бірі танумен болды. Дегенмен екінші раундта Головкин тегеурінді соққыларды жұмсап, Лемьенің әуселесін байқап көрді. Лемье құлаштап ұрып, өзінің жойқын мәнерімен қазақ боксшысына қарсылық танытып көрді. Алайда Головкин ашылып қалған Лемьені ауыр джебтермен әбден састырды. Еске сала кетейік, Головкин - Лемье кездесуі 18 қазан күні Нью-Йоркте лық толы Madison Square Garden аренасында өтуде. Бұл жұлдызды бокс шоуын тамашалауға миллиардер Дональд Трамп, әйгілі боксшылар Роберто Дюран, Шейн Мозли мен Леннокс Люис, ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев, актер Майкл Фокс келді.

Соңғы жаңалықтар