Головкин - Лемье жекпе-жегі осы жылдың есте қалған оқиғалар тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық BleacherReport басылымы 2015 жылғы әлемдік кәсіби бокста болған есте қаларлық оқиғалардың үздік ондығын құрды, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин - Лемье жекпе-жегі осы жылдың есте қалған оқиғалар тізіміне енді

Тізімнің үшінші орнында «The Big Drama Show» Геннадий Головкин - Давид Лемье жекпе-жегі тұр. Мұнда қазақстандық мерзімнен бұрын жеңіске жеткен.

BleacherReport нұсқасы бойынша 2015 жылғы бокс әлемінде есте қалған оқиғалар рейтингі:

1. Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяо әлемді кідіртеді 2. Канело Альварес пен Мигель Котто бокстағы үздік бәсекелестікті кеңейтті 3. «The Big Drama Show»/«PPV шағын драмасы» Головкин - Лемье 4. Тайсон Фьюридің Владимир Кличконы тізе бүктіруі 5. Роман Гонсалес НВО-да алғаш өнер көрсетті 6. Дэниэл Джэйкобс Питер Куиллинді есеңгіретті 7. 18-ші сәуірде НВО-да «Даблхедер» 8. Шон Портер Эдриен Броунерді жолдан тайдырды

9. Шейн Мосли мен Рикардо Майорга баспасөз мәслихатында рестлинг ұйымдастырды 10. Сергей Ковалев Жан Паскальді ұрып-соқты.