Головкин-Лемье жекпе-жегін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тікелей эфирде тамашалады

Қазақстан халқы Геннадий Головкин мен канадалық боксшы Давид Лемьенің жекпе-жегін асыға күтті. Геннадий, өз кезегінде, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) нұсқасы бойынша экс-чемпионы Давид Лемьені 8-ші раундта жеңіп, ел үмітін ақтады. Бұл жекпе-жек бокс жанкүйерлерінің көңілінен шыққан кәсіпқой бокстағы әсерлі оқиға болды.
Головкин-Лемье жекпе-жегін «Қазақстан» және «KAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетті. 3,5 миллионнан астам қазақстандық жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ «Қазақстан» телеарнасы жекпе-жекті таңертең көре алмаған көрермендер үшін оның қайталауын сағат 13.00-де және 18.55-те көрсетті. Жекпе-жектің қайталауын 1,5 милионнан астам телекөрермен тамашалады.
Бұдан басқа, жекпе-жек «Қазақстан» телеарнасының ресми сайтында онлайн-режімде көрсетілді. Телеарнаның интернет-редакциясының мәліметтері бойынша көрермендердің сайтқа кіру саны бір миллионнан асты.
«Қазақстан» және «KAZSPORT» телеарналары алдағы уақытта да елімізде және әлемдегі өтетін маңызды спорт оқиғаларды тікелей эфирде көрсетуді жалғастырады.