Головкин: Лемьемен өтетін жекпе-жек үздіктердің бірі ретінде тарихқа кіретін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин 17 қазанда керемет тамаша шоу жасауға уәде берді, деп хабарлайды sports. кz.

Головкин:   Лемьемен өтетін жекпе-жек үздіктердің бірі ретінде тарихқа кіретін болады

«Бұл жанкүйерлер үшін ең үлкен сый болары сөзсіз. Бұл үздік жекпе-жектерімнің бірі болып тарихқа енеді, - деді Головкин. - HBO мен Madison Square менің отбасыма айналды. Олар менің спорттық жолымда талай белестерді бағындыруға жәрдемдесті, осы жерде күні бүгінге дейін үлкен тарихты қалыптастырып келеміз.

«Жанкүйерлерімді осы оқиғаны Madison Square Garden -де өз көзімен көріп тамашалауға шақырамын», - деп қосты ол.