Головкин Лемьемен жекпе-жегіне киіп шығатын былғары қолғабын көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми тобында Геннадий Головкиннің Давид Лемьемен жекпе-жекке киіп шығатын былғары қолғабы көрсетілді.
None
None

«Геннадий Головкиннің Давид Лемьемен жекпе-жекке киіп шығатын былғары қолғабы! Түсін жергілікті New York Rangers хоккей командасына қолдау көрсету үшін өзі таңдаған!» - делінген суреттің астына жазылған түсіндірмеде.

Еске сала кетейік, Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша ертең, 06-55-те басталады.

Соңғы жаңалықтар