Головкин Лемьемен жекпе-жекте «нағыз драмалық шоу» көрсетуге уәде берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA («супер»), IBO және WBC («уақытша») тұжырымдамалары бойынша титулдардың иегері қазақстандық Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) 17 қазан күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтетін IBF тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы канадалық Давид Лемьемен (34-2, 31 КО) жекпе-жегінің алдында бұл айқасты ұзақ есте қалатын оқиға етуге уәде етті.
Бұл туралы sports.kz жазады.
«Біз жаңа жаттығу идеялары мен стратегияны қолдандық. Бұл жекпе-жек мен үшін күрделі сынақ болады деп ойлаймын. «Мэдисонда» бокстасу - бұл арман, себебі мен аты аңызға айналған бұл орынның тарихын білемін. Бұл бокстың Меккесі тәрізді. Нағыз драмалық шоу күтіңіздер», - деп мәлімдеді ол.