Головкин Лондонда баспасөз-конференциясын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Келл Брукпен жекпе-жек алдында баспасөз конференциясын өткізу үшін Ұлыбритания астанасына келді.
Сонымен бірге, жанкүйерлерді дәстүрлі «көзқарастар дуэлі» күтуде, британдық боксшы оны тағатсыздана күтіп жүргенін өз твиттерінде жазды, дейді sports.kz.
Еске сала кетейік, жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондондағы 20 мың орындық O2 аренасында өтеді. Бұдан бұрын спорттық шоуға билеттер рекордты уақытта сатылып кеткені хабарланған еді.