Головкин Лондонға оралуға уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің инстаграмында британдық Келл Брукпен жекпе-жегін өткізген Лондонмен қоштасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин Лондонға оралуға уәде берді

«Рахмет, Лондон! Мн ораламын #GGG», - деп жазды Головкин  инстаграмда.

Айқасқа дейін Головкин Лондонның өзіне өте қатты ұнайтындығын және Ұлыбритания астанасын өзінің екінші үйі деп есептейтіндігін айтқан еді.

Сондай-ақ, Головкин «британдықтар - әлемдегі ең үздік  жанкүйерлер» екендігін атап өтті.