08:21, 19 Ақпан 2018 | GMT +5
Головкин Лос-Анджелесте баскетбол жұлдыздарының матчына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 2018 жылғы Ұлттық баскетбол қауымдастығының жұлдыздар матчына шақырылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кетейік, Ұлттық баскетбол қауымдастығы (ҰБҚ) - Солтүстік Америкадағы (Канада мен АҚШ) ерлердің кәсіби баскетбол лигасы.
Биыл негізгі баскетбол шоуы Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтіп жатыр. Головкин сол жерде «Чикаго Буллз» командасының танымал баскетболшысы Майкл Джорданмен кездесіп, Nike компаниясымен бірге оның брендінің қолдауымен өткен коммерциялық іс-шараға қатысты.
GGG 5 мамыр күні рингке оралады. Қазақстандық мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізеді - олардың алғашқы жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста даулы тең нәтижемен аяқталған еді.