Головкин-Мартиросян бокс кеші трансляциясының басталу уақыты өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 мамыр, жексенбі күні қазақстандық бокссүйер қауым Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) жекпе-жегін тамашалай алады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин-Мартиросян бокс кеші трансляциясының басталу уақыты өзгерді

Қазақстан аумағында бұл бокс кешін Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, әуелде трансляция 07:00-де басталады деп жоспарланған. Енді оның уақыты өзгеріп, 08:00-ге жылжытылды.

06:20-да жанкүйерлер назарына Головкин мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегі ұсынылады.

Басты жекпе-жек - Головкин мен Мартиросянның кездесуі 09:00-де басталады.