Головкин-Мартиросян жекпе-жегінің рейтингі HBO рекордын жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен кезекті кездесуін өткізді. Бұл - қазақстандық кәсіпқой боксшының спорттық мансабындағы 39-ыншы жекпе-жегі, деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жектің екінші раундында GGG қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин кәсіпқой рингтегі 38-ші жеңісіне қол жеткізді. Одан бөлек, ол титуын қорғау бойынша рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіш америкалық Бернард Хопкинстің еншісінде еді. Енді екеуі де 20 реттен өз титулын қорғаған болып отыр.
ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми тобы соңғы жекпе-жектің рейтингі туралы мәлімет келтірді: «НВО арнасындағы Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның жекпе-жегі кабельдік телевизияда биылғы жылғы үздік рейтингті көрсетті: орташа алғанда 1,24 млн көрермен, шарықтау шегі 1,361 миллион».
Айта кетейік, Головкин қыркүйекте Сауль Альвареспен кездесуі мүмкін.