10:41, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Головкин мен Альварес барлық допинг-сынамадан таза шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерікті антидопингтік агенттіктен (VADA) алынған Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ақпаратына сәйкес, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйектегі айқасқа дейін және айқастан кейін допинг-сынамадан сәтті өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
VADA-ның қолдауымен WBC «Таза бокс» бағдарламасын енгізді. Аталмыш бағдарлама Бүкіләлемдік бокс федерациясының жеңімпаздары мен чемпиондарын алдын ала ескертусіз допингке қарсы сынамадан өткізеді, тіпті былғары қолғап шеберлерінің жоспарланған жекпе-жектері болмаса да.
Алайда, «Канелоның» WBC-ге еш қатысы жоқ, Golden Boy Promotions компаниясы өзінің негізгі оқиғаларына допинг-сынама хаттамаларын жасау үшін VADA-ны жиі шақырады.