Головкин мен Альварес допинг тексеруден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес Ерікті допингке қарсы агенттігінің (VADA) желісі бойынша допинг тексеруден өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин мен Альварес допинг тексеруден өтті

VADA-ның Туиттердегі ресми аккаунты хабарлағандай, Геннадий бұл сынамдан жетінші рет, ал «Канело» - алтыншы рет өтіп отыр.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді.