09:24, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Головкин мен Альварес жекпе-жегі - WBC ұйымының 2016 жылғы басты мақсаты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман өткен жылға жоғары баға беріп, келесі, 2016 жылғы ұйымның басты мақсатын белгіледі.

Ол - орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен «уақытша» титул иегері Геннадий Головкиннің жекпе-жегі.
«Бұл Мэйуэзер - Пакьяо және Альварес - Котто сияқты боксшылардың жекпе-жегі өткен ерекше тарихи жыл болды, - деген Сулейманның сөзін келтірді Boxingscene. - 2016 жылы да үздік боксшылардың айқасын ұйымдастыруға күш салатын боламыз. Оның ішінде көпшілік тағатсыздана күтіп отырған Альварес пен Головкиннің жұдырықтасуы. Олар қыркүйекте АҚШ-та жекпе-жекке шығады деген үміттеміз. Алда олардың екеуін де ерікті қорғаныс күтіп тұр, одан кейін олар бір-бірлерімен кездесулері тиіс».