03:09, 05 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Головкин мен Альварес жекпе-жек жөнінде 11 желтоқсанға дейін уағдаласуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басшылығы мексикандық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің командалары үшін келіссөздерге берілген мерзімді ұзартуға шешім қабылдады, деп хабарлады Sports.kz.
АҚШ-та өткен апта Алғыс айту күні мерекесімен орайлас келуіне байланысты, сондай-ақ тараптардың келіссөздерді келісім жасасуға дейін жүргізу тілегін ескере отырып, командалардың уағдаласуына 11 желтоқсанға дейін уақыт берді.
Еске сала кетейік, 21 қарашада Альварес Мигель Коттоны жеңіп, орташа салмақта (72,6 келіге дейін) WBC әлем чемпионы атағын иеленген болатын. Бұдан бұрынғы қабылданған шешімге сәйкес осыдан кейін Саульге «уақытша» әлем чемпионы Головкинмен кездесуде атағын міндетті түрде қорғауда тиісті шешімге келу үшін 15 күн уақыт берілген болатын.