18:51, 04 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсімі жанкүйерлер үшін ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі алдындағы боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі көрермендер үшін ашық болады, деп хабарлайды Sports.kz. Бұл жайлы Твиттердегі парақшасында GGG промоутері Том Леффлер жазды.

«MGM Grand-тағы салмақ өлшеу рәсімі жұртшылық үшін ашық болады, билет жүйесі болатынына сенімді емеспін. Жекпе-жек апталығы туралы егжей-тегжейлі жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар», - делінген парақшада.
Еске салайық, жекпе-жек 16 қыркүйек күні (Астана уақыты бойынша 17 қыркүйек күні шамамен таңғы 9-да), ал салмақ өлшеу рәсімі одан бір күн бұрын өтеді.