Головкин мен Баррера бірге жаттығып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абель Санчестің шәкірттері американдық жаттығу лагерінде бірге жаттығып жатыр, деп хабарлады Sports.kz.
Геннадий Головкин және кубалық Салливан Баррера Big Bear жүгіріп жатыр. Еске сала кетейік, 26 наурызда Баррера Андре Уордпен, ал Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен кездеседі.