Головкин мен Чавеске артық салмақ үшін айыппұл 1 млн. долларды құрайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумның мәліметінше, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикандық Хулио Сезар кіші Чавестің арасындағы жекпе-жектің алдындағы өлшеу кезінде салмақ лимитінің басымдығы үшін айыппұлға қатысты мәселе шешілді.
Боксшылардың кез келгені салмақ лимитінен асқаны үшін өзінің қарсыласына бір миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндетті болды. «Біз бұл мәселені шештік. Егер де тараптар салмақ басымдығына жол берсе, онда қарсыласына миллион доллар төлейді», - деді Боб Арум.
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек орта салмақта дәрежесінде өтеді (76,2 келі). Осы дода бойынша келіссөздер аяқталған жоқ, алайда қазіргі кезде жекпе-жек Бразилияда ұйымдастырылатын футболдан әлем чемпионаты матчімен қатар келмес үшін оның датасын шегеру туралы шешім шығарылды. Осы арқылы Геннадий Головкин мен Хулио Сезар кіші Чавестің арасындағы кездесу бұрынғы жоспар бойынша 12 шілдеде емес, 19 шілдеде өтуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz.