08:42, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Головкин мен Джейкобстың соққылар статистикасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы минуттардан кейін әлем Головкин мен Джейкобстың шаршы алаңдағы «шайқасына» көз тігеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай Compubox компьютерленген соққыларға баға беру жүйесі Головкиннің соңғы 12 жекпе-жегі мен Джейкобстың соңғы 6 кездесуіндегі соққылар статистикасын шығарды.
Қазақстандықтың орта есеппен жұмсайтын соққылар саны басым. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Джейкобстан ғана емес, орта салмақ дәрежесіндегі боксшылардың барлығынан да асып түскен.
Осыған дейін талай мықтыларды сабасына түсіріп, «зілбалға» жұдырық иесі атанып кеткен жерлесіміз бұл жолы да аянып қалмасы анық. Ендеше Генаға жанкүйер болайық.